№ 60 мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2008 жылдың 1 қыркүйегінде ашты. Мекеме типтік ғимаратта орналасқан. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сабақтар 2 ауысымда өткізіледі. Мектеп жұмыс істейтін бағыт – жаратылыстану–математикалық.