Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мектепте оқу кезеңінде қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және оқу процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету болып табылады.
Міндеттері:
- білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту және табысты әлеуметтену қабілетін қалыптастыру;
- оқушыларға, ата-аналар мен педагогтарға психологиялық, консультациялық көмек көрсету;
- мектептің психологиялық қызметінің жемісті қызметіне барлық педагогикалық құрамды және ата-аналар комитетінің өкілдерін белсенді тарту ; ;
- психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асыру;
- оқушылардың қолайлы психологиялық ахуалы үшін жағдай жасау.