Бүгін мектебімізде «Оқуға құштар мектеп», «Адал азамат» және «Балалар кітапханасы» және «8 минуттық оқу» жобасы аясында 2 «А» сыныбы оқушыларының қатысуымен «Балалар құқық қаласында» тақырыбында оқу сағаты өтті. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтіп, қызықты тапсырмалар орындады. Бұл оқу сағатында оқушылар: балалар құқықтары туралы қызықты мәліметтермен танысты; «Құқық қаласы» бейнесі арқылы өз құқықтары мен міндеттерін түсінді; шағын жағдаяттық тапсырмаларды оқып, топтық тапсырмалар орындады;өз пікірлерін еркін айтып, бір-бірін тыңдауды үйренді. Балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіру арқылы өз құқықтарын білу туралы түсініктер де берілді. Бұл іс-шара балалардың құқықтық мәдениетін арттырып, қауіпсіз және жауапты азамат болуға тәрбиелейді. Балалардың білімі — жарқын болашақтың кепілі! Балалардың құқықтық сауаттылығы — қауіпсіз әрі бақытты болашақтың кепілі! Сынып жетекшісі: Альбергенова Зейнет Зейноловна Ұйымдастырушы: кітапханашы -Сарсенова Анар Танирбергеновна