Мектеп-лицейіміздің 9-11-сынып оқушылары бүгін, 04 мамыр күні, ҚР Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекелеріне арналған іс-шаралар жоспарының аясында «Отанды қорғау деген мамандық бар» тақырыбында әскери-патриоттық тәрбие бөлімінің жетекшісі полковник Е.Ж. Жылқыбаевпен кездесу өткізді. Іс-шара барысында оқушылар әскери мамандықты таңдау туралы кәсіби бағдар, бүгінгі таңдағы еліміздегі әскери оқу орындары мен оларға түсу туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар ҚР Қарулы күштері мен ҰОС жылдарындағы қазақ халқының ерен ерлігі туралы тарихи деректер беріліп, оқушылардың бойында патриоттық сана ме сезімді дамытуға үлес қосылды.