«Таңдау жаса!» деген девизбен мектеп-лицей түлектерін өз білім беру мекемелерімен тансытыруға ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласының Логистика және транспорт академиясының кәсіптік бағдар беру өкілдері келді.Бұл өкілдер - кеше ғана мектеп партасында отырған, ал бүгін еліміздің түкпір-түкпірін аралап, мектеп бітірушілерге оқу орнын таңдауда жол сілтеп жүрген студенттер. Олар АЛТ – Логистика мен транспорт академиясының артықшылықтарымен таныстырып, біраз балаларды қызықтыра алды: - Әскери кафедрада оқу мүмкіндігі; - 50 президент-ректор гранты; - Әлеуметтік қоржын мен жеңілдіктердің қарастырылуы; -Тегін тіл үйрету курстары. Біз түлектерімізге, мамандық таңдауда сәттілік тілейміз.