2021 жылдың 30 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының №54 мектеп-лицейінің базасында 8-11 сыныптар арасындағы Қалалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға біздің оқушыларымыз физика, химия, биология, тарих пәндері бойынша қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Алмасбек Адель-І орын -11-сынып (физика)
Султанова Айша-ІІ орын -10-сынып (биология)
Кундак Аяжан мен Кундак Аружан – І орын -11-сынып (тарих)
Жунусов Алихан – ІІ орын – 9-сынып (физика)
Зарлыков Даниал- ІІІ орын -10-сынып ( химия)
Толегенов Нурмухаммед- ІІІ орын (құқық)
Жобалар байқауына шәкірттерін дайындаған мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз. Олар: Ташенова М.Ж.- химия мұғалімі, Олишевич С.И., Абдраманова Н.Р.- физика мұғалімдері, Ашимова И.У.- биология мұғалімі, Хамитова А.С.-тарих мұғалімі.
Байқау қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы лицейлерінің арасында біздің мектебіміз жүлделі ІІІ орынды иеленіп, «Үздік қалалық команда-2021» атағымен марапатталды. Құттықтаймыз!