Тәуелсіздік мерекесіне орай 13 желтоқсан күні біздің мектепте 6 – сынып оқушылар арасында «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты өлеңдер оқу сайысы өтті.
Шара барысында оқушылар қазақтың белгілі ақындары Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев сияқты және т.б. ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқыды.
Шараның мақсаты: оқушыларды қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру; білімдерін тереңдету; заманауи қоғамдағы ұлттық құндылықтардың маңызы мен рөлін түсіндіру.
Сайысқа қазақ және орыс сыныптары қатысты. 6 «С» сыныбы тақырыпқа сай керемет көрініс көрсетті. Оқушыларды дайындаған дарынды ұстаз Қыдырмолаева Б.Т.
6 «В» сынып оқушысы Дюльгер Элиф өзі шығарған өлеңін оқып берді.
Ал 6 «А», 6 «М» сынып оқушылары Эль-Шарави Дана, Сазонова Наталья өлеңді мемлекеттік тілде мәнерлеп оқыды.
Өлең оқыған оқушыларды бағалау үшін әділ-қазылар алқасы жұмыс жасады. Сайыс барысында өлең оқуға қатысқан оқушылар ішінде ең жақсылары таңдап алынды.
1-ші орын Абылай Дария(6 «»), Стоева София (6 «Е»)
2 – ші орын Ергеш Аяулым (6 «Ә») , Ермаганбетова Ангелина (6 «Б»), Дюльгер Элиф (6 «В»), Билялова Амира (6 «З»)
3 – ші орын Ғазиз Арайлан (6«Т»), Курмангалиева Амина (6 «Т»), Эль-Шарави Дана (6 «А»).
Мереке балаларға өте ұнады. Оқушылар арасында осындай шараларды жиі өткізудің маңыздылығы атап өтілді. Мерекелік сайысты дайындаған ұстаздарға да Масугутова С.А., Баяхметова Д.Ж алғысымызды білдіреміз.

.jpg)



