2017 жылғы 20 қыркүйекте №60 мектеп-лицей базасында: Астана қаласы, Кубрин к-сі, 21/1 мекен-жайында «Әкелер мен балалар - болашаққа көзқарас» тақырыбында Сарыарқа ауданы әкелер слетінің аудандық мәжілісі өтеді.
Іс-шара Білім және ішкі саясат департаменті, сондай-ақ Астана қаласының Ішкі істер департаменті қолдауымен өткізіледі.
Іс-шараға қатысу үшін Президент Әкімшілігінің, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссары, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығы өкілдері шақырылады.