№60 мектеп-лицейінде білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бүгін бірінші сынып оқушылары үшін өмірлерінің жаңа белесі – мектептік шақ бастау алды. Жиынымызда Президент Әкімшілігі тұсындағы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы секторының меңгерушісі Сергей Алексеевич Коновалов барлық оқушылар мен мұғалімдерді жаңа оқу жылының бастауы, білім күнімен құттықтады.


