Наурыздың 4 жұлдызында №60 мектеп-лицейінде 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік кеш ата-аналардың күшімен дайындалып, концерттің ұйымдастырушалары барлық әйелдер-педагогтерге, олардың еңбегі үшін, сүйіспеншілігі үшін, мейірімділігі үшін алғысын білдірді. 