Антикоррупция – бұл жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бағытындағы іс-шаралар мен стратегиялар жиынтығы. Осыған орай, мектебіміздің 8-сынып оқушылары Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мамандандырылған мектепке барып, жемқорлық тақырыбына арналған дайындаған көріністерін көрсетті.
Жемқорлықтың — мемлекеттік және қоғамдық қызметте, кәсіпкерлік пен жеке секторда заңсыз пайда табу мақсатында қолданылатын әдістер мен әрекеттер екенін терең түсінген оқушылар бұл көріністер арқылы көрерменге үлкен ой салды. Әсерлі қойылымдарда адалдық пен әділдікке шақыратын маңызды тақырыптар кеңінен ашылды.
Еске саламыз! Жемқорлықпен күрес — бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың азаматтық міндеті. Қоғамда адалдық, әділдік және сенімділік қағидаттарын насихаттау арқылы ғана жемқорлықты жеңуге болады.