Бүгін мектебімізде «Біз құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке қарсымыз» атты тәрбие сағаттары өтті. Аталмыш тәрбие сағатында сынып жетекшілер мен оқушылар құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп және әкімшілік тәртіпсіздіктер туралы әңгімелесті. Балалар арнайы сұрақтар дайындап, өз ойларымен бөлісті.