Бүгін мектебімізде 8‑сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп құндылығы» атты ақпараттық іс‑шара өтті. Оған ІІМ Ақпараттық саясат департаментінің аға инспекторы, полиция капитаны Сағындықова Айнұр Амангелдіқызы; сол департаменттің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция полковнигі Сагандыкова Динара Амангелдіқызы; Астана қ. Полиция департаменті «Сарыарқа» ауданы полиция басқармасының аға жедел уәкілі Нұржігіт Дінмұхаммед Дүйсембекұлы; сондай‑ақ полиция капитаны, учаскелік полиция қызметкері Омаров Көпжан Ундемесович спикер болды. Іс‑шара барысында «Заң және тәртіп құндылығы» тақырыбы кеңінен талқыланып, түрлі түйткілді мәселелер көтерілді. Мұндай ақпараттық кездесулер өскелең ұрпаққа зор пайда әкеледі, өйткені әр оқушы өзін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алып, қажетті мағлұматтарға қанығады.