"Білім-болашақтың берік негізі, ал мектеп-болашақты қалыптастыратын қасиетті орта"


















«Балалар кітапханасы» жобасы – кітап оқуға қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және білімге құштарлықты дамытуға арналған жоба.

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы – пікірталас, талдау және еркін ой алмасу арқылы сыни ойлау мен тілдік мәдениетті дамытуға бағытталған жоба.

«Шабыт» жобасы – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, өнер мен өзін-өзі дамыту құндылықтарын нығайтуға бағытталған жоба.

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы – білім алушылардың еңбекке құрметін арттыру, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған жоба.

«SMART BALA» жобасы – инновациялық идеялар мен зияткерлік бастамалар арқылы оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамытуға арналған жоба.

«IT-мектеп» республикалық жобасы – заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға және негізгі IT-құзыреттерді дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасы.

«Smart ұрпақ» республикалық жобасы – педагогтердің зияткерлік, шығармашылық және көшбасшылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ цифрлық технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

«Педагогикалық сыныптар» республикалық жобасы – оқушылардың ерте кәсіби бағдарын қалыптастыруға және педагог мамандығына қызығушылығын арттыруға бағытталған білім беру бастамасы.

«Cisco желілік академиясы» халықаралық жобасы – ақпараттық технологиялар, желілік технологиялар және цифрлық дағдылар саласында білім алушыларды даярлауға бағытталған жаһандық білім беру бағдарламасы.

«Akelius» халықаралық жобасы – цифрлық технологиялар мен интерактивті онлайн-платформа арқылы тілдерді (орыс, ағылшын) үйретуге бағытталған білім беру бағдарламасы. Жоба оқушылардың тілдік дағдыларын тиімді дамытуға және заманауи әдістер арқылы оқыту сапасын арттыруға көмектеседі.

«Global Scholars» халықаралық жобасы – оқушылардың жаһандық ойлау қабілетін, зерттеу дағдыларын және мәдениетаралық қарым-қатынасын дамытуға бағытталған білім беру бастамасы. Жоба барысында оқушылар әртүрлі елдердің құрдастарымен бірге жұмыс істеп, өзекті жаһандық мәселелерді зерттейді және бірлескен жобалар арқылы білімдерін тереңдетеді.

«SHARE» халықаралық жобасы – мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған бастама. Жоба аясында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, заманауи педагогикалық әдістерді меңгереді және оларды оқу процесіне енгізеді. Сонымен қатар, әртүрлі елдердің педагогтері бірлесіп жұмыс істеп, білім беру сапасын арттыруға үлес қосады
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
















