Түркияда оқу арман ба? Осындай сұрақпен бүгін, 2023 жылдың 17 мамырында, мектебіміздің 10-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру тақырыбындағы кездесу өтті.
Профориентаторлық жұмыстар толастамауда. 2023 жылдың 15-17 мамыр аралығында 9-сынып оқушыларын өз оқу орындарымен таныстырып, оқушыларға колледждерде оқу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге қатарынан 4 мекеменің өкілдері келді.
10-сынып оқушылары кинофильмдердегі соғыс әндері фестиваліне қатысты. Іс-шара жарқын және қызықты өтті. Соғыс жылдарындағы әндер шырқалды, композиторлар, режиссерлер және кино актерлері туралы ақпарат ұсынылды.
№ 60 мектеп-лицейінде "Үлкен соғыс туралы шағын әңгімелер" атты ерлік сабағы өтті. Шақырылған ардагерлер: Шаймерденов Ғабит Мусилинұлы, полковник; Жұмаділов Данияр Мұхамедьярович,сержант; Кездекпаев Мақсат Жұмашұлы аға прапорщик.
3 мамырда оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін, оның лайықты қорғаушысы болуға деген ұмтылысын тәрбиелеу мақсатында мектепте 6-сынып оқушылары арасында Отан қорғаушылар күніне арналған "Ал қанеки, ұлдар" байқауы өтті.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, балалардың назарын Қазақстанның түрлі халықтарының ұлттық мәдениетіне аудару, толерантты қарым-қатынасқа тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында, мектепте "Әлем халықтарының қуыршақтары"атты қолөнер көрмесі дайындалды. Оған 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Бүгін, 27 сәуірде 9-сынып оқушыларымен кезекті кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. М. Жұмабаев атындағы жоғары колледждің дайындайтын мамандық түрлері сан алуан.
Астана колледждерінің базаларында өткен «Сенің таңдауың» атты экскурсиялар аясында мектеп-лицейдің 9-сынып оқушылары 26 сәуір күні Қазтұтыну одағының жоғары колледжіне және М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжіне барып қайтты.
Балалардың отпен ойнауы жиі өрттің себебі болады. Сіріңке балаға ойыншық емес екендігі бәріне белгілі. Бірақ барлық ата-аналар баланы ықтимал қайғылы жағдайлардың қалай алдын алуға болатындығын білмейді. Балаларда өрт қаупі сезімін қалыптастыру, тұрмыстық аспаптармен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын және өрт болған жағдайда дұрыс мінез-құлықты қалыптастыру қажет.
«Таңдау жаса!» деген девизбен мектеп-лицей түлектерін өз білім беру мекемелерімен тансытыруға ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласының Логистика және транспорт академиясының кәсіптік бағдар беру өкілдері келді.Бұл өкілдер - кеше ғана мектеп партасында отырған, ал бүгін еліміздің түкпір-түкпірін аралап, мектеп бітірушілерге оқу орнын таңдауда жол сілтеп жүрген студенттер.