Бүгін «Есіктен есікке» және «Мемлекеттік ұйымнан мемлекеттік ұйымға» акциялар шеңберінде Қазақстан Республикасы Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Каскин Тлеген Төлегенұлы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқарма басшысы Рахматулин Асқар Рашитұлымен, «Әкелер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жуматаев Қуаныш Жетписбаевпен № 60 мектеп-лицейінде кездесу өткізілді. Каскин Т.Т. Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
2017 жыл, 20 қыркүйек күні Астана қаласының №60 мектеп-лицей қабырғасында «Әкелер мен балалар - болашаққа көзқарас» тақырыбында Сарыарқа аудандық әкелер слеті өткізілді.
Іс-шараны Білім және ішкі саясат департаменті, сондай-ақ Астана қаласының Ішкі істер департаменті қолдады. Жиын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау ұйымының және де ата-аналар қоғамдастығының өкілдерінің қатысуымен өтті. Кездесудің негізгі қатысушылары – бұрын өз мектептерінде іріктеуден өткен
№ 60 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары қалалық сенбілікте санитарлық тазалық пен қала аумағын абаттандыру бойынша экологиялық айлық аясында «Астана-Таза қала» қалалық сенбілігіне қатысты. Сенбілік қатысушылары қаламыздың санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.
2017 жылғы 20 қыркүйекте №60 мектеп-лицей базасында: Астана қаласы, Кубрин к-сі, 21/1 мекен-жайында «Әкелер мен балалар - болашаққа көзқарас» тақырыбында Сарыарқа ауданы әкелер слетінің аудандық мәжілісі өтеді.
Іс-шара Білім және ішкі саясат департаменті, сондай-ақ Астана қаласының Ішкі істер департаменті қолдауымен өткізіледі.
Іс-шараға қатысу үшін Президент Әкімшілігінің, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссары, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығы өкілдері шақырылады.
№60 мектеп-лицейінде білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бүгін бірінші сынып оқушылары үшін өмірлерінің жаңа белесі – мектептік шақ бастау алды. Жиынымызда Президент Әкімшілігі тұсындағы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы секторының меңгерушісі Сергей Алексеевич Коновалов барлық оқушылар мен мұғалімдерді жаңа оқу жылының бастауы, білім күнімен құттықтады.
№60 мектеп-лицейінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ардагермен бірге тал егеміз» атты акциясы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл жылы ардагерімізбен бірге ағаш талдарын 1 - сынып оқушылары отырғызды.
Бүгін #60 мектеп-лицейінде 《Мəңгі ұмытылмас ерлік》атты қалалық семинар болып өтті. Іс-шара қонақтары соғыс жəне тыл еңбеккерлері. Атап айтқанда, Мамыров Сырымбай, Бекбаев Асылхан жəне Галюк Евгений.
«Таза жұма» акциясы
2017 ж. сәуірдің 21-де №60 мектеп-лицейінде «Таза жұма» акциясы аясында мектептің аумағында Экологиялық сенбілік жүргізілді. Педагогикалық ұжымы және мектеп оқушылары осы іс-шараға белсене қатысты.
№60 мектеп-лицейі 16 ақпан сағат 10.00-де есірткінің алдын алу шеңберінде онлайн интерактивті сабақ өткізді. Бұл сабаққа ІІД Есірткі саудасымен күрес басқармасы полиция майоры Нургазина Алия Кибатовна, дәрігер-нарколог Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы, №60 МЛ ата-аналар комитетінің мүшесі Байбуза Лариса Григорьевна қатысты. Іс-шараның қонағы Қазақстан «StreetWorkOut» бас бапкері: - Айтым Жақыпов болды.
№60 МЛ оқушыларының арасында Қазақстан Республикасының 25-жылдығын тойлауы аясында бір қатар іс-шаралар аталып өтті. Осы іс-шаралардың құрметті қонағының бірі ҚР елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков.
Жемқорлыққа қарсы қозғалыс акциясы аясында №60 МЛ де 30 қараша күні 4 – сынып оқушылары арасында Брейн-ринг «Қазақстан – құқықты мемлекет» атты шарасы болып өтті.
Мақсаты: ұлтжандылыққа тәрбиелеу, адам еркінгі мен құқығына деген сыйластық.
Іс-шара барысында оқушылар құқық жөнінде бар білгендерін ортаға салды. Оның ішінде әлем халықтарына ортақ адам құқықтары да қарастырылды.
Ағымдағы жылдың 28 қазанында №60 МЛ акт залында, ұлтымыздың бір туар азаматы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының еске алу кеші ұйымдастырылды. Кеш жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мұғалімдері «Ұлт ұстазы» тақырыбындағы аталмыш шараны биік деңгейде өткізді. 8,9,10 – сынып оқушылары жұмылдырылған мерекелік шарада ән мен күй шырқалып, скрипканың сиқырлы үнімен көрмекделді. Ұлты үшін өмірін қиған ұлы ұстаздың орындалған арманы осы болса керек.
Оқу жылының 1-күні №60 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларына арналған ерлік сабағын ұйымдастырушы-педагог, АӘД пәнінің мұғалімі, майор Танекенов Ә.Т. өткізді. Жиынға арнайы шақыртумен:
Астана қалалық қорғаныс департаментінің полковнигі Лекеров Б.К
Идеологиялық және тәрбие іс-жөніндегі орынбасары, полковник Пернебеков Б.Е қатысты.
Басқосудың негізгі мақсаты жастарымызға ерлік пен батырлықтың мағынасын түсіндіру, әр қилы жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға көмектесу болып табылады.
Бүгін №60 мектеп-лицейінде «Мәңгілік ел – қазақстандық отансүйгіштіктің негізі» салтанатты жиыны өтті. Мерекелік жиналысты мектеп директоры Дюсенова Айман Жумагалиевна құттықтау сөзімен ашқан болатын. Және қалалық «Әділет» кәсіподақ комитетінің өкілі Наурызбаева Б.М. мен орта және кәсіптік білім беру басқармасынан Жүнісова Б.К ханымдар оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты жиын әуезді ән, әсем бимен жалғасты.
Мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарының арасында 9-мамыр – Жеңіс күні мерекесіне арналған «Ардагерлерге қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсету, олардың ерліктерін дәріптеу арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілері ардагерлердің үйлеріне барып, қал-жағдайын біліп, әңгімелесіп, сыйлықтарын апарып берді. Игі іс барысында ардагерлер өздеріне қамқорлық танытқан жандарға ақ батасын беріп, алғыстарын айтты.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында мемлекеттік тілде оқытылатын бастауыш сынып оқушыларының арасында «Мен және менің отбасым» атты спорттық эстафеталық жарыс өтті. Тәрбиелік іс-шараның мақсаты: Отан отбасынан басталатынын түсіне білу арқылы оқушылардың бойындағы отансүйгіштік , ержүректік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу; Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Барлық отбасылар жарысқа белсене қатысып, жеңіске жетуге ұмтылды. І-орынды суырылып алға шыққан 1 «Қ» және 2 «Т» сыныптарының Өміртай және Орынбасар отбасылары алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
№ 60 мектеп-лицейінде Әкелер форумы өткізілді.
Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі проблемаларды сезіну үшін жағдай жасай отырып, ондағы әкенің рөлінің өзектілігі және маңыздылығын аңғарту. Форумды «Әкесі барда, өзге үлгінің қажеті жоқ» тақырыбы аясында коучинг түрінде директордың тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Г.М. Шавалиеваның басшылығында өткізілді. Форумға 1-10 сынып оқушыларының ата-аналары қатынасты. Форум қатысушылары оқу мен тәрбие жұмыстарының қиыншылықтары туралы сұрақтарды талқылады. Әр топ өз
18 наурыз күні мектепте Наурыз мерекесі құрметіне арналған «Наурыз мейрамы» атты концерт өткізілді. Концертте «Шаттық» қалалық жарысында ән мен биден жүлделі орындарды иеленген оқушылар және ұстаздар өнер көрсетті.