Ұлы Абай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау мақсатында, Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап №60 мектеп-лицейінде тәлім алып жатқан 4-сынып оқушыларының арасында 2020 жылдың 20 ақпанында «Абай- қазақтың ұлы ақыны» тақырыбында екі кезеңнен тұратын эсселер сайысы өткізілді. Сайыстың: бірінші кезеңі сыныпішілік; екінші кезеңі мектепішілік деңгейде өтті. Сайыстың басты көздеген мақсаты тәлім алушы шәкірттердің қазақ жазба әдебиетінің төрінен орын алған ойшыл, философ
Нұр-Сұлтан қаласы №60 мектеп-лицейінде ақпанның 19-ы күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 3-сыныптардың арасында «Өлең – сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс электронды дауыс беру түрінде өткізілді. Сайысқа әр сыныптан бір оқушыдан қатысты. Оқушылар Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған шығармаларын мәнерлеп жатқа айтудан сайысқа түсті. Төмендегі көрсеткіш бойынша қорытынды шығарылды. Бекжанова Аяжан - І орын 3 «М» сынып оқушысы, Қуанышбай Әмір – ІІ орын 3 «Ә» сынып оқушысы, Абдулла Нұрмұхамбет – ІІІ орын 3 «С» сынып оқушысы, Сайлаубек
Жоспар бойынша 2-4 бастауыш сынып оқушыларының «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында Ұлы ақынның өлеңдері сюжетіне салынған суреттер конкурсын өткізіліп жатыр.
Бүгін мектебімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» тақырыбында әдеби-танымдық бағдараламаның ашылуы өтті. Мектебіміздің өнерпаз оқушылары Абайдың өлеңдерін, даналық сөздерін сахналық қойылыммен жеткізді. Еліміздің темір қазығына айналған Ұлы Абайдың асыл мұраларын өзге тілдерге аударылғанын дәлелдеп, оқушылар орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды. 7 «Ә» сынып оқушысы Жумадиллаев Аян Абайдың образында Ұлы ақынның өлеңдерінің өміршеңдігін көрсетті.
Нұр-Сұлтан қаласы №60 мектеп-лицейінде ақпанның 12-і күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 2-сыныптардың арасында табиғат лирикасы тақырыбында суреттер сайысы өтті. Оқушылар жасырынған суреттерді таңдап, Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған өлеңінен үзіндіні оқып, сол өлең бойынша сурет салды. 2-сыныптың оқушылары бар ынталарымен, қызығушылығымен, тақырып мазмұнын аша білді. Барлық сайысқа түскен оқушылар мүдірместен үзіндіні оқып отырып, Абай Құнанбайұлының қай өлеңі екенін тауып,жалғасын жатқа айтты. Бұл 2-сынып оқушыларының Абай атамыздың
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарды уақытылы анықтап, алдын алу, сонымен қоса есепке алу, олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында,Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 2020 жылдың 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. «Тұрмыс» ЖПШ шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы ПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары тарапынан жалпы білім
Нұр-Сұлтан қаласы № 60 мектеп-лицейінде Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарақа ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция лейтенанты К.М.Алимбетова «Жасөспірім» іс-шарасы аясында 4-9 сынып оқушыларына «Пиротехникалардың қолданған уақытта адам денсаулығына қауіптілігі туралы» профилактикалық дәрістер оқыды.
Тәуелсіздік мерекесіне орай 13 желтоқсан күні біздің мектепте 6 – сынып оқушылар арасында «Тәуелсіздік – Тәңір сыйы» атты өлеңдер оқу сайысы өтті. Шара барысында оқушылар қазақтың белгілі ақындары Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев сияқты және т.б. ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқыды. Шараның мақсаты: оқушыларды қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру; білімдерін тереңдету; заманауи қоғамдағы ұлттық құндылықтардың маңызы мен рөлін түсіндіру. Сайысқа қазақ
2019 жылы 15 қарашада мектепте мектепішілік пәндік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Мектепішілік кезеңіне 223 оқушы қатысты. Оның ішінде 137 оқушы жүлделі орындарға ие болды: 36 бірінші орынға, 43 екінші орынға, 58 үшінші орынға. Олимпиада жеңімпаздары аудандық кезеңінде жүлделі орындар үшін жарысады. Сәттілік тілейміз!!!
Бүгін 2019 жыл 6 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы №60 мектеп-лицейінде 5-7-сыныптар арасында жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтілді. «Адалдық сағатының» мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген, туған жерге, ата-анаға, достарына деген адалдық қасиетін қалыптастыру, оқушыларға адамгершілік-ізгілік тәрбиесін беру. «Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл» деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, халқымыз ежелден тура жолмен жүруді жөн көрген. Ұлы ақын Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» деп бекер айтпаса керек. Қазақ ұлтымыз ар-ұятты, адалдықты
Нұрсұлтан қаласы №60 мектеп-лицейінде қыркүйек айының 18 күні Қазақстан халқы тілдерінің ХХI фестивалі аясында «Мемлекеттік тіл-рухани жаңғыру тілі» атты мерекенің ашылу салтанаты өтті.Күй ойналып, домбыра тартылып,би билеп және оқушыларымыз өз туған қазақ,түрік,ұйғыр,татар,орыс тілдерінде құттықтау сөздерін бейнетаспа арқылы жеткізді. Осы мереке төңірегінде лицейімізде біршама іс-шаралар атқарылды. «Тіл-рухани қазына» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды.2-4 сыныптар арасында Абай Құнанбайұлының табиғат көрінісі бойынша суреттер салынды.5-6 сыныптар арасында «Өлең
19 наурыз күні №60 мектеп-лицейінде Наурыз мерекесі өтті.Көктем мерекесі табиғаттың оянуы, сүйіспеншілікке толы, жаңа қалаудың орындалуына сенім мен үміт сыйлайды.Наурыз - біздің халқымыздың ғасырлар бойы тамырға сіңіп біткен мерекесі, жаңа жылдың бастауы, бірлік пен гүлденудің мерекесі. Оқушылар этноауылдарды, концерттік нөмірлерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрімен таныстырды.
8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Астана қаласы №60 мектеп-лицейінде 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Көктем аруы-2019 » атты арулар байқауы өткізілді. Бұл байқаудың наурыз мерекесі қарсаңында өткізілу мақсаты: Қыздарымызды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Еліміздің ертеңі мына жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз –
Құрметті Ханымдар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Көктемнің осы бір ерекше күнінде ерен еңбектеріңіз, даналық пен төзімділіктеріңіз үшін, қамқорлықтарыңыз бен мейірімге толы жүректеріңіз үшін алғысымды білдіреміз. Қазақ әйелі – ең әуелі, ардақты ана, отбасының сақтаушысы болып отыр. Ол дүниеге әкелген перзенттеріне тәлім-тәрбие беру жолында жан жылуымен жүректегі мейрімін аяған емес. Балалар біздің болашағымыз десек, аналарымыз сол
2019 жылы 8 наурыз мерекесіне орай № 60 мектеп – лицейінің 3 «С» сыныбында Қази Гүлжан Исақызының жетекшілігімен «Ару қыздар – 2019» байқауы өтті. Байқауға сыныптың 14 қызы қатысты. Қазақ қыздарына тән әдептілік, инабаттылық, ізеттілік, өнер секілді асыл қасиеттерге ие, көркемдік талғамды, ақылды да ажарлы, өнерлі де талантты ару қыздар өз өнерлерін ортаға салды. Барлық қыздар да бағамына сай марапатталды.
Астана қаласы № 60 мектеп –лицейінде 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 3 –қазақ сыныптарының арасында «Жас дарын» сайысы бастауыш сынып мұғалімдері Г.С. Әубәкір мен Г.И. Қазидің ұйымдастырылуымен өткізілді. Сайыстың көздеген мақсаты: Атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген құштарлығын арттырып, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсінуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін, табиғи дарындарын анықтау, өзіндік «Менін» қалыптастыру. Сайыста оқушылардың сөзге шеберлігі,
Астана қаласы № 60 мектеп-лицейінде 2019-жылдың көктемнің алғашқы «Халықаралық әйелдер мерекесі» қарсаңында 2 «Ғ» сынып қыздарының арасында «Көктем аруы» атты сайыс өткізілді. Іс-шараға ата-аналар, қыздар өте жақсы атсалысып, жоғарғы деңгейде өтті. Іс-шараны ұйымдастырған Ұ.А. Кулбаева.
Көктемнің алғашқы мерекесі "8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі" қарсаңында Астана қаласы №60 мектеп-лицейінде 4 сынып отбасылары арасында «Толағай» спорттық сайысы болып өтті. «Толағай» спорттық сайысын өткізудегі негізгі мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы ынтымағын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі отбасының қадір-қасиетін жас ұрпаққа кеңінен ұғындыру. Сайыс барысында шапшандықтарымен, ептіліктерімен көзге түскен Бейсеновтар жанұясы 1-ші орынға ие болса, 2-ші орынды Даужановтар жанұясы және 3-ші орынды Қанатбай
2018 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасыларға және жетім балалар, ата – анасының қамқорлығынан айырылған балаларға тиісті әлеуметтік көмек көрсету. Мектеп жасына жеткен, бірақ мектепке түрлі әлеуметтік жағдайлар бойынша (мектеп формасы, аяқ киім, оқу құралдар) келе алмай отырған балаларды анықтау және есепке алу.
№ 60 мектеп- лицейінің мұғалімдер ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жасаған жолдауымен танысты. Мектеп ұжымы көрсетілген талаптардың болашақ ұрпаққа Қазақстанның одан әрі көркеюінің дұрыс қадамы болатынына сенімін білдірді.